Акция алғашқы күні «Жүректен жүрекке»

19ақпан 2019 жылы 5 -11 сынып оқушылары аралықтарында «Бар әлем – мен үшін» атты 
10 күндік мектепішілік акция өтті.
Мақсаты: оқушылардың өмірге қызығушылығын арттыру өмірді мәнді де, сәнді өткізуге өмірге деген құштарлығын қалыптастыру, өзіне деген оқушылардын бағасын арттыру, эмоциялық қысымды түсіру, агрессияны шығару,өзіне сенімділігін жоғарлату. 
Акцияның алғашқы күні «Жүректен жүрекке»деп аталды. Акцияға қатысушы оқушылар таңертең сабаққа келген мұғалімдер мен оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлау үшін,жүректен шыққан жылы лебіздері жазылған смайликтер ұсынды. Күн барысында оқушылар ұстаздарына сыныптастарына смайликтер арқылы жақсы көңіл күй сыйлады.
Іс шараны ұйымдастырушы: Әлеуметтік педагог Абдрахманова Г.Б