«Ардың шыңы – Ата Заң» танымдық ойынды өткізгені туралы ақпарат

17- қаңтарда «ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ» кіші бағдарламасының  «Саналы Азамат» базалық жобасы аясында Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Каппасова Р.Ю. 5-7 сыныптарда «Ардың шыңы – Ата Заң» танымдық ойынды өткізді. Ойынның мақсаты: балаларға  Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

І топ оқушылары «Мектеп заңына бағынайық!» : оқушылардың жалпы талаптары, құқықтары,  міндеттері, мектепке келуі, киімі мен сырт пішініне қойылатын талаптарға бірыңғай ережелеріне тоқталып, талқылады.

ІІ – топ «Мектеп заңына бағынайық!»: оқушылардың сабақ үстіндегі  міндеті, үзіліс кезіндегі тәртібі, асханадағы мінез-құлық, оқулықтар, күнделіктер және дәптерлерге қойылатын талаптар, бос мезгілін ұйымдастыру дегендей талаптарға тоқталып, талқылады.

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:       Каппасова Р.Ю.