Мектеп президентін сайлау.

Мектеп президентін сайлау. 08 қазан 2018жыл.
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» Н.Ә. Назарбаев айтқандай мектеп өмірінің мәселерін шешуде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы өзбетімен шешім қабылдау қабілеттілігін артыру оқушыларды қоғам мен мемлекеттік басқару тетігіне дайындау.
«Мектеп президентін сайлау» жобасы болашақ сайлаушылар¬дың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында оқушыларға сайлау қызметінің практикалық бағдар¬ланған білімді, машықтар мен тәжірибені беру үшін жағдай¬лар жасауға бағытталды.
Мектеп оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Келлер мектебінде мектеп президентін сайлау өтті. Сайлау үміткерлері 10 «б» сынып оқушысы Франк Дарья, 10 «а»сынып оқушысы Шадетхан Ақмарал ,8 «а» сынып оқушысы Батан Жазира. Мектебіміздің 2-11 сынып оқушылары және мектеп ұстаздары сайлауға қатысты. 398 оқушы 60 мұғалім барлығы 458 адам қатысты . 10 «б» сынып оқушысы Франк Дарьяға 200 дауыс,
10 «а»сынып оқушысы Шадетхан Ақмаралға 208 дауыс,8 «а» сынып оқушысы Батан Жазираға 40 дауыс берді. Шадетхан Ақмарал 208 дауыспен басым түсіп, мектебіміздің президенті атанды.