«Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ-нің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс стандарты

«Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ-нің
2017 жылғы «13» маусымдағы №7бұйрығымен бекітілген

«Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ-нің
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс стандарты

1. ««Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ-нің» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және аудан әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді іске асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар саласындағы сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсыныстар жүйесінен тұрады.
2. Стандарт ««Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебі» КММ-нің» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты жүріс-тұрысын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерімен есептеспеушілік ахуалына жету, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытында анықтау және олардың кері салдарын болдырмау үшін жазылған.
3. Стандарттың қағидаттары:
1) заңдылық;
2) транспаренттілік;
3) әдептілік;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
5) мүдделер қақтығысын болдырмау.
4. Азаматтық қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерімен байланысты емес.
5. Азаматтық қызметшілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында (соның ішінде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы):
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде келесілерді қамтамасыз етеді:
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығын, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік көріністері мен сарсаңға салуға жол бермеуді;
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асырудың ең аз мерзімін;
Азаматтық қызмет стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтің көрсетілуін;
Ата-тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатысы, сенімі, тұрғылықты жері себептеріне немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша қандай-да бір кемсітусіз қызмет алушыларға бірдей рұқсатты;
жол бермеушілік:
мәселені әділ шешуге мүдделі емес деп ойлауға негіз бар тұлғаға азаматтың өтінішін қарау жүктелген кезде;
шағым түсірген тұлғаға зиянын тигізуге немесе кімге қатысты жазылғанның мүддесіне;
өтініште әрекеттері шағымдалатын лауазымды тұлғаларға өтініштер бағыттауға;
азаматтардың келісімінсіз олардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы туралы тарату мүмкіндігіне;
өтінішке қатысы жоқ азаматтың тұлғасы туралы деректерді орнатуға.
2) басқарушылық және өзге шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде өз құзыреті аясында қамтамасыз етеді:
Құзыреттіліктерді дәл шектеуді және барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың келісілген жұмыс істеуін;
лауазымдық өкілеттіктерін орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен тапсырмаларды шығаруға жол бермеушілікті;
туыстық, жерлестік және жеке адалдығы белгілері бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеушілікті;
меритократия қағидаттарын сақтауға;
қабылданатын шешімдерінің заңдылығына дербес жауапты болады.
3) нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде қамтамасыз етеді:
Осы актіні қабылдау бойынша құзыреттілік Қазақстан Республикасының заңнамасында тура қаралған жағдайда ғана нормативтік құқықтық актіні қабылдауға;
азаматтардың құқықтарын іске асыру бойынша шешім жобасы келісілетін сатылардың ең аз санын.
4) күнделікті әрекетінде:
Қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтайды және нығайтады;
жалпыға бірдей моральдық-әдеп нормаларын сақтайды;
мемлекеттік билік абыройын сақтауды және Қазақстан Республикасының беделін түсіруі мүмкін және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерді болдырмауды, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруды, мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;
лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануға алып келетін әрекеттер және оларға негізделген жеке, топтық және өзге қызметтік емес мүдделердегі абыройларды жасауға жол бермейді;
кешіктірмей басшының мәліметіне және (немесе) құқық қорғау органдарына өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;
қажет жағдайда тікелей немесе тура басшының мәліметіне мүдделер қақтығысының пайда болуы туралы, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке қызығушылықтың пайда болуы туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа итеру мен сыйлықтар алу туралы хабарлайды;
әділ қызметтік шешімді қабылдауға әсер ете алатын өзара қатынастардың орнатылған тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына өтініш білдіруден бас тартады;
қызметтік өкілеттіктерді орындауға байланысты сыйлықтар алмайды және бермейді;
мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе беру мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге ақпаратты пайдаланбайды;
егер тікелей қол астындағы немесе басшылығындағы тұлға жақын туыстық қатынастарда (ата-аналары, жұбайлары, аға-інілері, апа-қарындастары, балалары) болса, лауазымға тағайындалудан бас тартады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытады;
кешіктірмей, жазбаша түрде тікелей басшыға орындау үшін алған өкімнің заңдылығына күмәні туралы хабарлайды;
жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды ұстанады;
тұрақты негізде мүдделер қақтығысын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен олардың салдарын пайда болу мүмкіндігінің себептері мен жағдайларын жою бойынша шаралар қабылдайды;
қызмет тәртібін және қызмет этикасын сақтайды;
басшылыққа қатысты жеке адалдығына, өзінің лауазымдық мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылық алуға ұмтылуға жол бермейді;
өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
6. Басшы:
өзінің жүріс-тұрысымен әділдік, адалдық, риясыздық, тұлғаның ары мен қадыр-қасиетіне құрметінің үлгісі болып қызмет етеді;
жеке дара басқарушылық қызмет жолымен басшылықты іске асырады және қабылданатын шешімдерінің заңдылығына дербес жауапты болады;
қол астындағылардан олардың лауазымдық өкілеттіктерінің аясынан шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпейді;
қызметтік міндеттерін орындау барысында қол астындағы қызметкерде пайда болған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша уақытында жан-жақты шаралар қабылдайды;
сыбайлас жемқорлықты ескерту бойынша және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдайды;
қол астындағылармен құмар ойындарына қатысуға өзіне-өзі тыйым салады;
қол астындағы қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайына және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеулеріне дербес жауапты болад