Мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау

Мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Қазақстан-Ресейлiк Медициналық Университетімен бiрлесе мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау арқылы кеңестер түрінде тегiн психологиялық көмек көрсетіледi.

Егер Сiздiң отбасыңызда мүмкiндiгi шектеулi бала тәрбиененiп жатса және, сонымен қатар Сiзге психологиялық қолдау қажет болса, жай ғана қысқа 1411 нөмiрiне хабарласыңыз, жәрдемақы алушының ЖСН айтыңыз, және диспечердiң нұсқауы бойынша, өзiңiзге ыңғайлы кеңес уақытын таңдап алыңыз.

Назар аударыңыз! Қызмет Skypeтм (Скайп) арқылы тегiн көрсетiледi, сондықтан Сiзге үйде интернетке шығу мүмкiндiгi және Skypeтм (Скайп) бағдарламасы болуы қажет.

Онлайн-қолдау қызметінің негізгі міндеті – мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған отбасыларына психологиялық қолдау көрсету, отбасындағы қолайлы әлеуметік-психологиялық жағдайды, сонымен қатар, физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психологиялық саулығын қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында мүгедек балалары бар отбасыларына кеңестік көмек беру болып табылады.

Қызмет жұмысы білікті психологтардың қатысуымен «SKYPE» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Ол ата-аналарға үйден шықпай-ақ кәсіби психологиялық кеңес алуға мүмкіндік береді.

Мамандардың кеңесін алуға өтініш тәулік бойы 1411 тегін телефон нөмірі бойынша қабылданады.

Онлайн қолдау қызметі жайында толық ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64., кабинет 106, 201, 205, 8(7152)36-36-05, 46-29-01)) телефоны бойынша, тұрғылықты жері немесе электронды мекен жайына i-krmu@mail.ru хабарласу арқылы алуға болады.