Жаңа формат бойынша тестілеу және Тайынша ауданында ҰБТ өткізу дайындығы

2016 жылдың қараша айында Астана қаласында ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаевтiң төрағалық етуiмен Үкiмет отырысы өттi, отырыс барысында түлектердi қорытынды аттестаттау және Ұлттық бiрыңғай тестiлеу (ҰБТ) жаңа форматы көрсетiлдi.

ҚР БҒМ оқушылар өмiрiндегi ең маңызды емтихан құрылымын толықтай өзгертудi шештi. 2017 жылдың жаз мезгiлiнде түлектердi жаңа формат күтiде: оқу жылының аяталуы мен жоғарғы оқу орындарына түсу.

Бiрiншi — мектептер үшiн аса маңызды болады, себебi оқу жылында алған бiлiмдерi және «Алтын белгiнi» растау осы жерде бағаланады, яғни мектеп қабырғасында өтедi. Барлық жауапкершiлiк мектептерге мiндеттеледi.

Екiншi — пәндi терең бiлуiн, кең спектордың бiлiмi мен бiлiгiн анықтап, жоғары оқу орындарына түсуге бағытталған. Айта кететiнi, бұл үрдiс жоғары оқу орнына түсуге үмiттi түлектер үшiн мiндеттi түрде.

Жоғары айтқандай қорытынды емтихан мен ЖОО түсу үшiн емтихан тапсыру болып екiге бөлiнедi. Сондықтан мектеп ЖОО бөлiнедi, бұлай болуы тиiс болатын, ҰБТ тапсыруға дейiнгi кездердегiдей. Осындай жаңашылдық барысынджа бiлiм сапасын асыра бағалау мүмкiн емес: қазiргi таңда түлектер қалыпты жағдайдағыдай барлық пәндердi меңгеретiн болады, басты назарды басқа форматқа ауыстырады: логикалық даму мен сөздiк қор. Оқушылардың сауаттылығына, теориялық бiлiмiн тәжiрибеде қолдана бiлуге бағытталған жаңартылған бiлiм мазмұны, абитуриенттерге ҰБТ табысты тасыруға мүмкiндiк бередi.

Бiрiншi кезең, оқыту орны бойынша 29 мамырдан 9 маусы аралығында мектеп аясында өтедi, бұл оқышылардың бiлiм сапасын тексеруде жақсы нәтиже көрсетпек.

Оған дайындалу үшiн оқушыларға барлық 11 жыл бойы алған бiлiмдерiн шыңдауды қажет етедi. Оқушылар мемлекеттiк емтихандарда бес пән бойынша, 4 бiлiм беру (туған тiлi, екiншi тiл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және 1 таңдау пәнi бойынша өз бiлiктерiн көрсетуi тиiс.

Туған тiл мен әдебиетi (эссе түрiнде жазбаша); оқушылар эссенi тiған тiлiнде жазады (мектептегi оқыту тiлiнде). Бұл емтиханға 3 астрономиялық сағат берiледi, мәтiн көлемi 250-300 сөзбен шектелген. Оқушыларға таңдауға үш тақырып берiледi, оның мәселенi анықтап мазмұнын ашу, жақтау немесе даттау жағынан аргументтер келтiру. Орфографиялық, стилистикалық сауаттылық, тыныс белгiлердi сақтау, сонымен қатар тiлдiк құралдарды қолдану шеберлiгi де маңызды.

Екiншi емтихан орыс тiлiнде бiлiм беретiн мектептердегi Қазақстан тарихы. Қазақ тiлiнде бiлiм беретiн мектептердегi орыс тiлi (тестiлеу) тестiлеу түрiнде өткiзiледi.

Келесi — алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан (қорытынды жұмыс). Ал төртiншi Қазақстан тарихы бойынша ауызша жауаптар. Әр билетте үш сұрақ болады: екеуi — оқу материалын фактологиялық анықтау, тағы бiреуi шығармашылық мазмұнда және түлектерден карталармен, сызба және басқаларды қолдануды қажет етедi. Соңғы — бесiншi таңдау бойынша пән (физика, химия, биология, дүниежүзi тарихы, геометрия, информатика, әдебиет және шет тiлi (ағылшын) — тестiлеу түрiнде.

Барлық қорытынды атестаттау материалдары Ұлттық тестiлеу орталығы құрады, кейiннен бiлiм басқармалары арқылы мектептерге жiберiледi.

Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау, сонымен қатар тестiлеу жауап парақтарын тексеру дұрыс жауаптар кодтары ұсынылған, мектепте құрылған емтихан комиссиясына жүктеледi. Бұған қоса аттестатқа енгiзiлетiн қорытынды бағалар түлектер үлесiне есептелетiн болады.

Екiншi кезең, ертеректе айтылғандай жоғары оқу орындарына түсуге үмiткерлер үшiн мiндеттi.

ҚР БҒМ мамандары атап өткендей ҰБТ — 2017 логикалық тестiлеулерiн кең қолдану келесiдей жағдайлар туындатады, механикалық түрде түлектердiң жауаптарды жаттауы кейiнге ысырылып бiлiмдерiн аккумулирлеу және оларды қолдануға мүмкiндiк бередi, ендi түлектер бiр кәсiби пәннiң орнына екi пән бойынша тапсыратын болады.

Үш жарым сағат iшiнде — ол 210 минутты құрайды, емтихан тапсырушылар 120 сұраққа жауап берулерi тиiс. Бұған қоса абитурианттердiң ала алатын максималды баллдары 140 құрайды. Бiр тестiлеу сұрағына 2 балл есебiнен, кәсiби пән бойынша тапсырмаларда бiр немесе бiрнеше дұрыс жауаптар болғанда түлектер бiрнеше жауапты белгiлеуi мүмкiн. Ал шектi деңгейден өту үшiн абитуриентке 50 баллдан кем алмауы қажет.

ЖОО түсуге үмiткерлерге ҰБТ тапсыру жаңа форматы үш тәртiп бойынша мiндеттi түрде: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және Қазақстан тарихы, 20 сұрақ бойынша емтихан сұрақтары, сонымен қатар 30 сұрақ кәсiби пән бойынша. База айтарлықтай өзгерген жоқ, жақын арада оны Министрлiктiң ресми сайтына шығаратын болады, алайда тапсырмаладың қанша көлемде қол жетiмдi болуы белгiсiз.

Оқу сауаттылығында бiр тақырыптағы оқылған ақпаратты толық оқығандығын, сараптама және баға бере бiлудi анықтайтын төрт мәтiнге (әрқайсысына 5 балл) құрылған тапсырма берiледi. Осындай тапсырмалар тестiлеуде қажет, себебi ЖОО оқу барысында абитуриент түрлi ақпарат көздерiмен жұмыс жасау, оларды сараптау, ақпаратты сәйкестендiру және тұжырым шығара бiлулерi қажет. Ал математикалық сауаттылық адамның өмiр сүру барысындағы математиканың маңыздылығын анықтау мен түсiну, жақсы дәлелденген математикалық ойларды айт бiлу және жасампаз, қызығушылық танытатын және ойлай бiлетiн азаматтың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн осы ғылымды қолдану.

Кәсiби пәндер жайлы айта кететiнi, олар ұсынылатын бес пәннен бiр кәсiби пән бойынша 20 сұрақтан және ұсынылған көптеген жауаптардан бiрнеше дұрыс жауапты таңдайтын немесе сәйкестiгiн анықтайтын 10 тапсырмадан тұрады, сондықтан соңғы тапсырмаларға екi баллдан берiлетiн болады.

Бұндай түрлi формалар және тапсырма мазмұны кездейсоқ белгiлеудi жоюға көмектеседi, бұрынырақта оны жасау арқылы емтихан тапсырушылар әдiлетсiз түде жоғары баллдарға ие болатын едi.

Барлығы 10 комбинацияға 142 мамандық бойынша кәсiби пәндер ұсынылады: математика + физика, математика + география, тарих + география, биология + химия, биология + география, шет тiлi + тарих, оқыту тiлi (қазақ немесе орыс) және әдебиетi + тарих, география + шет тiлi, химия + физика, тарих + ҚАҚ. Басқа 33 мамандықтар бойынша ЖОО түсушiлер үшiн шығармашылық емтихандар өткiзiледi. Осылардың кез-келгенi болашақта гранттар тағайындау байқауына қатысу үшiн 4 мамандықты таңдауға мүмкiндiк бередi.

Кәсiби пәндер бойынша абидуриенттердiң терең бiлiмiн тексеру дайындығы жоғары болғандарлды iрiкеуге, сонымен қатар жоғары бiлiктi мамандарды даярлауға көмектеседi.

Айта кететiнi, барлық пәндер бойынша тапсырмалар үлгiсi Ұлттық тестiлеу ортлағынның сайтына ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап шығарылады. Бұл әрине емтиханға даярлық үрдiсiн әлдеқайда жеңiлдететiнi сөзсiз.

«Алтын белгi» иегерлерi, жалпы блiм беретiн пәндер бойынша республикалық, халықаралық олимпиада және ғылыми жобалар жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi басқа да абитуриенттермен тең жалпы негiз бойынша ҰБТ тапсыратын болады. Бұған қарамастан жоғарыда аталған марапаттарға ие болмаған абитуриенттермен нәтижелерi теңескен жағдайда грант алу мүмкiндiгiне бiршама басымдылыққа ие болады. Бiрақ ақысыз оқу құқығына ие болу үшiн бiраз тер төгу қажет болатыны анық.

Бiрыңғай ұлттық тестiлеу өту мерзiмi мен күнi: тестiлеуге қатысу өтiнiмдерiн қабылдау 10 наурыздан 10 мамыр аралығында. ҰБТ өзi 20 маусымнан 1 шiлде аралығында өтедi, ал өткен жылғы түлектерi және ТЖКБ үшiн — шiлденiң 17-нен 23 аралығында. Сонымен қатар, ертеректе ҚР БҒМ айтқан ҰБТ қайта тапсыру сияқты жаңашылдық өз күшiнде қалады. Бiрiншi рет тестiлеудi сәтсiз тапсырған жағдайда 2017 жылдың тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айларында қайта тапсыруға болады, бiрақ ақылы түрде.

Бiлiмдi екi деңгейлiк тексерiс оқытылатындар үшiн моральдi-психологиялық мәселелердi жоюға мүмкiндiк бередi, себебi қорытынды аттестаттау өздерiнiң мектеп қабырғаларында таныс жерде өтедi. Қолданатын шаралар ҰБТ жүйесiнiң және ЖОО сапалы және әдiл iрiктеу жүргiзуге тиiмдi.

Түлектердi қорытынды аттестаттау форматында әр пәнге шығармашылық түрде қарау, балалардың функционалдық сауаттылығы аясында 11 жыл алған бiлiм деңгейiн анықтайды, яғни алған бiлiмдерiн өмiрде қолдана алуы ең маңыздысы сол.

Бiздiң ойымызша бұл ең жақсы сәт деп есептеймiз. Әр пәннiң сынағы жеке-жеке тапсырылуы белгiлi бiр психологиялық жеңiлдiк, балалар үшiн ең тиiмдi тәсiл. Сонымен қатар аттестат алу мен жоғары оқу орнына түсу тәртiбiн екi бөлiп қарастырылу туралы жақсы шешiм қабылдады. Ендi, әрбiр кезең ауқымды уақытында бағаланып отыратын болады.

ҰБТ өткiзудiң жаңа форматы «Тайыншинские вести» және «Тайынша таңы» аудандық газеттерiнде жарық көрдi.

Бүгiнгi таңда аудан бойынша 9 «Алтын белгi» үмiткерлерi бар (1 — Тайынша қ. №1 ОМ, 1 — Тайынша қ. №5 ОМ, 2 — Келлер ОМ, 2 — Петровка ОМ, 2 — №2 Чкалов ОМ, 1 — №1 Чкалов ОМ), үздiк аттестатқа 8 үмiткер (1 — Тайынша қ. №1 ОМ, 1 — Макашевка ОМ, 1 — Донецк ОМ, 1 — Петровка ОМ, 4 — №2 Чкалов ОМ).

Ауданда барлық техникалық құралдармен жабдықталған тестiлеу пунктi жұсы жасайды. Аудиториялық қор бiлiм саласындағы бақылау бойынша Департаментпен келiсiлдi. Жоғарыда аталғандай тестiлеуге қатысу үшiн өтiнiштер наурыздың 10-нан мамыр айының 10 аралығында қабылданды. Өтiнiштердi қабылдау нәтижесi бойынша ҰБТ нақты қатысушылар саны 149 түлек. Қазiргi таңда он-лайн тестiлеу жұмыстары жүргiзiлуде.

Мектепте санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес қажеттi жағдайлар жасалатын болады. Түлектердiң қауiпсiздiгi және ҰБТ өткiзу технологияларын сақтау мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды, металлоiздегiш құралдары қолданатын болады (2 дана), ұялы байланысты тоқтату құралдарымен аудандық iшкi iстер бөлiмi қамтамасыз етедi.

Бiлiм бөлiмiнiң басшысы атынан тестiлеу өту барысында көмек көрсету туралы ресми хаттар аудандық Орталық аурухана бас дәрiгерiне, «ҚРҰЭМТҚҚК СҚО ТҚҚД Тайынша аудандық ТҚҚ басқармасы» РММ басшысына, «Көкшетау-Энерго» филиалының басшысына, «Қазақтелеком» ААҚ басшысына, АIIБ басшысына, ТЖ бойынша бөлiм басшысы және қала әкiмiне жiберiлетiн болады.